"1,3 млн теңгеге диплом алып беремін": Түркістан облысында алаяқ ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері кезекті алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған.
Таныс әйел ұлыңа диплом алып беремін деп қызметі үшін жәбірленушіден 1,3 миллион теңге ақша алған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынды.
Риддерде мемлекеттік қызметкерлер жалған диплом ұсынған