Шығыс Қазақстанда газ стансасында болған жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды

Sputnik
ШЕМОНАИХА. 29 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы жанармай құю станциясында болған жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Оқиға салдарынан 4 адам зардап шекті, жүргізуші мен оператор 100% дене күйігін алып, бірнеше күн өткеннен кейін көз жұмды.
Зардап шеккендердің бірі – кассир. Әйел адам қазір қолы күйіп, ауруханада жатыр. Ал тағы бір зардап шеккен өрт сөндірушіге алғашқы көмек көрсетілген, ауруханаға жатудан бас тартқан.
Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаевтың айтуынша, оқыс оқиғаның негізі себебі – қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау.
"Оқиғаның алдын ала нұсқасы – газ жабдықтары мен қауіпсіздік техникасын пайдалану талаптарын бұзу. Алайда нақты шешім тек тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін шығады", – деді Алексей Ахаев.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан төрт адамды күйік шалған еді.
Шығыс Қазақстанда газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды