Президент сұйытылған газ айналымына қатысты заңға қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорда.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.