Кентауда астан уланғандар саны 90-нан асты: көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін

Sputnik
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Кентау қаласында қоғамдық дәмханадан уланғандар саны сағат сайын артып барады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түркістандағы өңірлік коммуникациялар қызметінде шұғыл түрде брифинг өтті. Брифингте қазіргі уақытта астан уланғандар саны 92-ге жеткенін айтты.
"Жұқпалы аурулдар бөлімшесіне 92 адам шағымданып келген. Барлығының ыстығы көтеріліп, іштері өткен. 26 маусымда Кентау қаласының дәмханасынан тамақ ішкен. Қазіргі таңда 67 адам науқас жатқызылды. Оның 40-ы бала, 27 ересек адам, 3 жүкті әйел. Барлығының жағдайы орташа ауыр. Ертеңгі күннен бастап жағдайлары жақсарса үйіне шығарыла бастайды", - дейді Кентау қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Асылбек Өтебаев.
25 адам амбулаториялық емдеуде, олардың да жағдайы қатаң бақылауда.
Жұқпалы аурулар бөлімшесінде 40 орын болған, қосымша 40 төсек-орын қойылған.
Науқастардың көбі пицца жеген.
"Науқастардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Алайда алдыңғы күнге қарағанда науқастар саны тұрақталып келеді", - деді Асылбек Өтебаев.
Қазіргі күні тергеп-тексеру амалдыра жүріп жатыр. ҚК 304 бабы 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Нысан толық тексерілді. Сарапталамалардың барлығы алынып, зерттеуге жіберілді.