Іле-Балқаш резерватында өртенген қамысқа әуеден 100 тоннадан астам су төгілді

Sputnik
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті әуеден де сөндіру жұмыстары да қолға алынды.
Қазіргі уақытта су төгетін құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағымен 34 рет көлемі 100 тоннадан асатын су төгілді.
Өрт ошағы 100 гектарға дейін азайды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 70-тен астам адам және 34 бірлік тартылды.
Іле-Балқаш резерваты аумағында өрт шықты: қамыс жанып жатыр