Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АЭО: "Змей Горыныч" пен "Земледелие" қалай жұмыс істейді

Sputnik
Арнайы әскери операция аймағында ресейлік дәлдігі жоғары зымырандар және шабуылдаушы пилотсыз ұшақтармен қатар "Змей Горыныч" минадан тазарту жүйесі мен "Земледелие" қашықтан миналау жүйесі жоғары тиімділікті көрсетіп жатыр. Инженерлік әскердің бұл техникасы қорғанысты сәтті ұйымдастыруға және шабуылға жылдам өтуге мүмкіндік береді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
27 маусымда Ресей Орталық әскери округінің бөлімшелері Украина Қарулы күштерінің миналанған алаңдарында жедел өткелдер жасап, Краснолиманск бағытында қарсыластың бекіністерін талқандады. Жарық және дыбыс әсері үшін әскер ішінде "Змей Горыныч" деп аталған УР-77 өздігінен жүретін минадан тазартқыш реактивті қондырғысы Ресей Қарулы күштерінің адам шығынынсыз ұрыс даласында табысқа жетуге көмектесті.
Ресейлік УР-77 қондырғылары арнайы әскери операция аймағында белсенді түрде қолданылып жатыр. "Змей Горыныч" үш минутта бір соққымен мина алаңында ұзындығы 100 метр, ені 6-14 метр өткел жасайды.
Сонымен қатар Запорожье және Оңтүстік Донецк бағыттарында "Земледелие" жаңа миналау қондырғысының көмегімен 5-тен 15 шақырымға дейінгі қашықтықта қашықтықтан жаңартылған қуатты мина бөгеттері Ресей әскеріне Украина Қарулы күштерінің шабуылдарын тойтаруға көмектесіп жатыр. Украина Қарулы күштерінің 47-ші механикаландырылған бригадасының шабуылы туралы жарияланған кадрлар шабуылдың әскери техниканың мина алаңына тап болуымен аяқталғанын көрсетті.
Америкалық TheDrive басылымының хабарлауынша, Киевке берілген 109 Bradley жаяу әскер машинасының 24-і қысқа мерзімде жойылып, зақымдалды және қалдырылды. Қарсы шабуылдың үш аптасында Украина Қарулы күштері 14 000 жауынгерді есептемегенде, 259 танктен, 780 броньдалған машинадан (америкалық техниканы қосқанда) айырылды.
Ресейдің мина алаңдары тәулік бойы жұмыс тиімді істейді. Бір ғана 28 маусымға қараған түні Запорожье бағытында үш танк пен жаяу әскерге арналған үш жауынгерлік машина жойылды. Жалпы арнайы әскери операция басталғаннан бері украин әскері 10 395 танкі мен басқа да броньдалған техникасынан айырылды.
УР-77 техникасы өздігінен жүретін 2С1 "Гвоздика" гаубицасының базасындағы броньдалған корпус және оның үстіне жарылғыш заты бар қалың сым кіріктірілген топсасы бар екі іске қосу қондырғысы орналастырылған. Арнайы реактивті оқ-дәрі қаптамадағы 725 килограмм пластитті мина алаңына қарай тартады, детонация қауіпсіз дәлізге кепілдік береді. Сәтті конструкциясының арқасында "Змей Горыныч" ұрыс жағдайында әрке тиімді нәтиже көрсетіп келеді.
Белгіленген уақытта машина алдыңғы шептегі позицияда бағыттаушы қондырғыны көтеріп, шамамен 10 метр биіктікте ұшатын "жыланды" бағыттайды. Зарядтың соңын машинамен байланыстыратын тежегіш арқанын кергеннен кейін жүргізуші механик кері шегінеді. Заряд мина алаңында теңестіріледі де, кабельдегі командир-оператор "жыланды" жарады. Өткел дайын. Ұзындығы 100 метр, танкке қарсы алаңдағы қауіпсіз дәліздің ені 6 метр, ені 14 метрге дейінгі дәлізде жаяу әскерге қарсы миналар жойылған.
"Минадан тазарту қондырғысы қауіпсіз және пайдалану тұрғысынан қарапайым. Мина аумағында өткел дайындау барысында тіпті механик жүргізуші мен оператор командир машинадан шықпайды да. УР-77 мотоатқыштар танк полктері қатарында тұр, ол соғыс кезінде бөлім командирінің жоспары бойынша қолданылады.
Сонымен қатар арнайы әскери операция аймағында "Земледелие" қашықтықтан миналауға арналған жаңа инженерлік машиналары белсенді қолданылып жатыр. Маусымның басында Украина Қарулы күштерінің қатарындағы НАТО техникасы – "Леопардтар", "Брэдлилер", минадан тазарту машиналары ресейлік инженерлік әскери дайындаған мина алқабында қалай жарылғанын бүкіл әлем көрді.
"Земледелие" қашықтықтан миналаудың инженерлік жүйесі жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Әскери машинада жаппай оқ атуға арналған 122 миллиметрлі 50 бағыттауыш калибр орналасқан. Реактивті снарядтар белгіленген учаскеге мина тастайды, кез келген күрделі деңгейдегі миналы алқап қалыптастырады. "Земледелие" оқ-дәрілерінің спектрі жаяу әскерге қарсы, танкке қарсы немесе аралас мина алаңдарын құруға мүмкіндік береді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.