Фото

Жапондар мұхит ортасында арал-қала салады – таңғажайып жобаның суреттері

Климаттың өзгеруі сәулетшілерді қалаларды жобалауға және салуға мүлдем жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді. Осылайша Жапонияда теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты сәулетшілер нағыз революциялық жобаға кірісті.
Sputnik
Мамандар Догэн атты арал-қаланы салу туралы шешім қабылдады.
Жоба авторлары уәде еткендей, мұхитта бой көтерген мұндай қала цунамиге де төтеп бере алады. Таңғажайып қаланың қандай болатынын суреттер топтамасынан көріңіздер!
1 / 12

Құс ұшар биіктіктен қарағанда Догэн диаметрі 4 километрге жететін және ішінде түрлі нысандар орналасқан шеңбер секілді көрінеді.

2 / 12

Оның пішінінің дөңгелек болуы кездейсоқ емес. Архитекторлар ол, тіпті, цунами секілді табиғаттың тосын мінезіне де төтеп бере алады дейді.

3 / 12

Тәуелсіз, климатқа төзімді теңіз қаласының құрылысы туралы N-ARK компаниясы хабарлады.

4 / 12

Болашақтың қаласы саналатын нысан құрылысы 2030 жылы басталады деп жоспарланып отыр.

5 / 12

Қала 10 мың тұрақты тұрғынға есептелген. Сондай-ақ мұнда бір мезетте 30 мың турист бола алады.

6 / 12

Қала үш секторға бөлінеді: тұрғын үй сақинасы, өңдеу орталығы және автономды қалқымалы архитектура.

7 / 12

Қайық пішіні ішкі шығанақты табиғи апаттардан қорғауға арналған.

8 / 12

Тұрғын үй сақинасы тұрғын үй инфрақұрылымы ретінде қызмет етеді және ол қоғамдық үйлерді қамтиды.

9 / 12

Деректерді өңдеу орталығы қала шаруашылығын басқарудың операциялық жүйелері мен медициналық деректерді талдау сияқты қызметтерді ұсынады.

10 / 12

Автономды қалқымалы архитектура қала функцияларын икемді қайта конфигурациялауға мүмкіндік береді және ішкі шығанақ бойымен еркін қозғалады.

11 / 12

Революциялық City OS Dogen денсаулық сақтау жүйесі Догэннің маңызды айырмашылықтарының бірі болып саналады.

12 / 12

Жүйе тұрғындарға күнделікті телемедициналық консультациялар алуға және құрылғылар мен датчиктердің көмегімен денсаулық жағдайын талдауға мүмкіндік береді.