Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
"Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді", - деді президент.
Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Мұның бәрі жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түседі.
"Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді. Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!", - деп құттықтады мемлекет басшысы.
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды