ПЕТРОПАВЛ, 28 маусым – Sputnik. Ер адамның денесі Солтүстік Қазақстан облысындағы полиция ғимаратының аумағынан табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Новоишимское аудан орталығында әкімшілік полиция ғимаратының аумағынан 56 жастағы ер адамның денесі табылған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
"Бейнебақылау камераларынан ер адамның жолды кесіп өтіп, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына қарай жүргені анықталды. Ер адам өз еркімен полиция ғимаратына өткен. Содан кейін оның өлі денесі табылды", - деп хабарлады полиция.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тиісті сараптамалар жасалып жатыр.