Шығыс Қазақстандағы барлық табиғи өрт сөндірілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстанда тілсіз жау түбегейлі жойылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Ұлан ауданында 26 маусымда басталған өрт жалпы ауданы 5 га жерді жайлады. Тілсіз жау жойылды. Ал Өскеменнің шетіндегі 14,2 га аумаққа жайылған өрт толығымен сөндірілген.
"Өрт сөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерімен Ұлан ауданында Приморск орманшылығында және Глубокое ауданындағы Комсомол орманшылығындағы өрт толығымен жойылды. Өртке құрғақ өсімдіктердің өртенуі себеп болған", - делінген ведомство хабарламасында.
Шығыс Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО өртенді