Өндірісті автоматтандыру екі миллионнан астам қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін

"Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында "Жасанды интеллект Қазақстанның еңбек нарығына қалай әсер етеді" деген тақырыпта пікірталас өткізіледі
Sputnik
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Қазақстанның Еңбек ресурстарын дамыту орталығы аптаның басында автоматтандыру, роботтандыру немесе жасанды интеллекті пайдалану есебінен жұмыс орындарын ауыстыру мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерін жариялады.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, 8,7 миллион қызметкердің арасында орташа автоматтандыру ықтималдығы 17% немесе 1,5 миллион адамға қатысты болуы мүмкін. Ықтималдықтың жоғары деңгейі – 8% немесе 686 мың адам.
Бұл ретте, салалық тұрғыда қызметкерлерді жасанды интеллектпен алмастырудың ең үлкен әлеуеті кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында байқалады.
Кездесу барысында қатысушылар автоматтандырудың Қазақстанның еңбек нарығына әсері мәселелерін, сондай-ақ осыған байланысты халық арасында жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу бойынша жоспарланып отырған шараларды талқылайды.
Спикер: Дмитрий Шумеков – Қазақстанның Еңбек ресурстарын дамыту орталығы болжау және зерттеу департаментінің директоры.
Өтетін орны: Астана, "Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев 10, 31-қабат.
Сараптамалық кездесудің трансляциясы Sputnik Қазақстан сайтында және сайттың Вконтактедегі парақшасында 29 маусымда сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) тікелей эфирде өтеді.
Құрметті журналистер, іс-шараға аккредиттеу мәселесі бойынша мына телефондар арқылы хабарлауға болады: +7 (7172) 472673, моб.: + 7 707 854 4162 немесе e-mail: sputnik.kazakhstan@gmail.com.