Бестөбеде жұмыс істемейтін алтын шахтасына өтетін жасырын жол табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Ақмола облысының полицейлері Бестөбе кентінің аумағында жасырын жолды анықтады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өңірдің полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаға кіру үшін жасалған тесікті тапты, деп хабарлады ҚР ІІМ telegram каналы.
"Халық арасында "құбыр" деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған", - делінген хабарламада.
Жасырын кен орны жабылды.
"Ведомство жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, сондай-ақ шахталардағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылдады", - дейді ведомство.
Жыл басынан бері жұмыс істемейтін Бестөбе шахталарында бірнеше адам қаза тапты.