Шығыс Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО өртенді

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстанның орталығы Өскеменде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өртенді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Автоорталықта өрт болды. Бірақ өрттен ғимарат зардап шеккен жоқ дейді өрт сөндірушілер.
"27 маусымда Өскеменде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанында жеке кәсіпкердің азық-түлік қоймасындағы тоңазытқыш өртенген. 144 шаршы метр жерде өрт сөндірілді. Өрттің себебі-қауіпсіздік ережелерін сақтамау", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт тек қойманы ғана емес, авто ХҚКО шатырына да жайылған.