АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Осы аптада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Жылдағы дәстүрге сай депутаттар маусым айының соңында кезекті сессияның жұмысын қорытындылап, каникулға кетеді.