Батыс Қазақстанда жол апатынан педагогтар қайтыс болды: жүргізуші қамауға алынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Lada Largus жүргізушісі DAF жүк көлігіне соғылған болатын. Жеңіл автокөлікті 27 жастағы жүргізуші басқарған. Жол апаты салдарынан Lada Largus көлігіндегі үш жолаушы оқиға орнында, ал біреуі ауруханада қайтыс болды.
"Lada Largus жүргізушісі сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Ал жол апатынан аман қалған мұғалімдер бүгінде ауруханадан шығарылған.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 1 маусымда Самара — Шымкент тасжолында болды. Қайтыс болған марқұмдардың бәрі диплом алу үшін Ақтөбеге бара жатқан педагогтар болған.
Батыс Қазақстан облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады: төрт адам көз жұмды