Киев режимі Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылын әлі де "көпдоменді операцияның" кіріспесі ретінде көрсетуге тырысып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Бірақ Украина "майдан даласында Ресейдің жеңе алмайтынына" батыстағылардың көзі жетті. Алдағы уақытта АҚШ пен НАТО әскери-саяси ұстанымдарының сәтсіз нәтижесі де көп күттірмейтін секілді.
Арнайы әскери операция аймағындағы операциялық жағдай күрделі күйде қалып отыр. Батыс елдерінің көмегімен Киев майданның әртүрлі учаскелерінде белсенді операциялар жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде күштер мен құралдарды жинақтады. Дегенмен Украина Қарулы күштері бригадаларының саны дайындық сапасына сәйкес келмейді, ресейлік әскердің жауынгерлік басымдығы сөзсіз.
"Украиналық "қарсы шабуылдың" үш аптасында ешқандай серпіліс болған жоқ, бірақ Украина Қарулы күштерінің адам шығыны 14 мыңға жетті. Запорожье бағытында америкалық Bradley жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналары мен НАТО-ның басқа да броньдалған машиналары өртеніп жатыр. Ұлыбритания жеткізген алыс қашықтыққа ұшатын Storm Shadow зымырандарының арсеналы, сондай-ақ Канатово және Днепропетровск аэродромдарындағы украиналық радиоэлектронды барлау орталықтары жойылды", - деп жазды Хроленко.
26 маусымда Ресей әскери-ғарыш күштері қарсы тараптың Полтава, Херсон, Черкассы, Киев және Одесса облыстарындағы позицияларына, оқу-жаттығу базалары мен арсеналдарына зымыранмен жаппай шабуыл жасады.
Киев режимінің Қырымға жеткізетін ресейлік құрлық дәлізін бұғаттау идеясын жүзеге асыруға тырысқан украин әскері Днепрдің сол жағалауында белсенділікті артырды.
Алайда ресейлік "Солнцепекпен" жасалған жаппай оқ атулар Украина Қарулы күштері бөлімшелерінің Херсонның солтүстігіндегі Антоновский көпірінің жанындағы плацдармға тұрақтауға бағытталған барлық әрекетін тежеп тастады.
Оңтүстік-Донецк бағытында Времевский жотасының аймағында украин әскері Ровнопольге төрт рет шабуыл жасады. Майданның осы аумаққа ығысуы 25 маусымда Ровнополь ауылындағы Украина Қарулы күштерінің бөлімшелеріне РФ Қарулы күштерінің артиллерия және танк бөлімшелерімен соққы жасауына әкелді.
Әскери сарапшының пәкірінше, Артемовск маңында Украина Қарулы күштері күніне жүздеген жауынгерінен айырылып жатыр. Ресейлік ФАБ-1000 фугасты авиабомбаларының соққысынан кейін украин әскері Харьков облысының Купянск маңында шегіне бастады.
Бұған дейін Киев Украина Қарулы күштерінің позицияларына күн сайын 50-ге жуық жарты тонналық ФАБ-500 құлап, тірі қалған әскерилердің жеке құрамын жаппай қырып-жойып жатқанына шағымданды.
Вашингтон әлі де украин бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін қалпына келтіруге тырысып жатыр. Бұл Украина Қарулы күштерінің қолданысындағы зеңбіректердің нашарлығы мен артиллериялық оқ-дәрілердің жетіспеушілігін өтеуге бағытталған әрекет секілді.
АҚШ-тың Киев режиміне кезекті, 12-ші әскери көмегі 500 миллион долларды құрады. Бұл бұрын жойылғандардың орнына 25 дана Stryker броньдалған тасымалдаушысы мен 30 дана Bradley жаяу әскерге арналған жауынгерлік машинаны қамтыды.
Дегенмен Батыс әскери іс-қимылдар апталар мен айларға созылса да және жеңіске жету үшін бүкіл Украина армиясы мен НАТО-ның әскери техникасын қолданса да, ресейлік қорғаныс шебі еңсерілмейтінін, сәйкесінше, Украина Қарулы күштерінің сәтсіздікке ұшырайтынын біледі.
Германия өзінің "қырып-жоюшылар коалициясына" ауқымды түрде қатысуын жоққа шығарды. Австралия өзінің Hawkei броньдалған машиналарын Украина Қарулы күштеріне жіберу туралы шешімінен бас тартты.
American Thinker басылымы Ресей Федерациясының армиясы мен басшылығы батыстағыларға қарағанда күшті екеніне тоқталып, америкалықтардың Украинаға наразылығы артып жатқанын жазды: "Біз Украинадағы қарулы қақтығыстың шынайы себептері туралы көбірек біліп, бұл Батыс елдері басшылығының жағымсыз әрекеттерін әшкерелеп жатыр. Бұл қырғи-қабақ соғыс менталитеті сіңген америкалық мемлекет үшін мүлдем қажетсіз қақтығыс. Осы дағдарыстан тек әскери-өнеркәсіптік кешен ғана пайда көріп отыр".
Хроленконың пікірінше, Ресейдің жеңіске жетуықтималдылығы жоғары, өйткені оның әскери технологиясы мен өндірісі Батыс елдерінен әлдеқайда озық.
Арнайы әскери операция аймағындағы ресейлік әскер ай сайын жүздеген жаңа, әлемдегі ең озық танктерді, артиллериялық қондырғыларды, зымыран жүйелерін, сондай-ақ ондаған шабуылдаушы ұшақтар мен тікұшақтарды алып отыр. Ресей әскерінің дайындық деңгейі, қарулану жоғары және олар оқ-дәрі тапшылығын сезінбейді. Оның үстіне, Пентагон мен НАТО өткен 70 жылдағы қақтығыстарда бірде-бір әскери жеңіске қол жеткізген жоқ.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.