Шемонаихадағы жарылыс: Зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Шемонаихадағы жарылыста зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды Олардың денесін 100% дерлік күйік шалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті, бірақ құтқара алмады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске сала кетсек, 22 маусымда Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха қаласында газгольдер жарылып, бес адам зардап шеккен еді.
Шығыс Қазақстанда газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды