АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Астана қаласында қасиетті Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындар анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігі дін істері жөніндегі басқармаға сілтеме жасап.
Елорда тұрғындары бекітілген орындарда таңғы 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін құрбандық шала алады.
Құрбандық шалатын орындар:
"Ұлжан" әмбебап базары, "Сарыарқа" ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары);
"Жайлау" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
"Шанхай" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арты);
"Шопан ата" базары, "Байқоңыр" ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
"Баракат" базары, "Байқоңыр" ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға таратылады.
Айта кетері, биыл Құрбан айт мейрамы 28-30 маусым күндері тойланады. Астана мешіттерінде айт намазы 28 маусым сағат 06.00-де оқылады.