Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды, деп хабарлады Polisia.kz.
"25 маусым сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.
Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі әйел көз жұмды