АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қарағанды облысы Құлан өзенінен 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Министрлік хабарлауынша, Нұра ауданы Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Құлан өзенінен барлығы 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды.
Оны табиғат қорғау инспекторлары бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында анықтаған.
"Жануарлардың өлекселері бұзылып бастағандықтан олардың жынысын анықтау мүмкіндігі болмады, сондай-ақ терінің жоғарғы қабатында оқ іздері табылмады", – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Жануарлар өзеннен өткен кезде суға батып кеткен. Киік өлекселері судан алынып, арнайы полигонға апарылып, жойылды.