АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында жетекші мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаты салтанатты түрде табыс етілді.
БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаты берілді
© Photo : Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
"Qazaqstan" РТРК" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, ҚР Президентінің Телерадиокешені, "Qazcontent" АҚ және "Қазақ газеттері" ЖШС қызметкерлеріне пәтер кілтін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаты берілді
© Photo : Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Ол әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, олардың отандық журналистиканы дамытуға елеулі үлес қосып жүргенін атап өтті.