Балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгеден астам ақша жымқырған

Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Абай облысында балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Науалы балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы жаздырған. Бұдан бөлек, негізсіз сыйақылар мен іссапар шығындарын рәсімдеп отырған. Онымен шектелмей, жұмыс істемейтін адамдарға жалақы да төлеген. Осылайша, 6 миллион теңгеден астам бюджет қаржысы ұрланған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу шараларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.
Алматы облысында кәсіпкер мектепті жөндеуге бөлген ақшаны жымқырған