Көлсай көлдеріндегі өрт жедел сөндірілді – ТЖД

Sputnik
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Өрт сөндірушілер Көлсай көлдеріндегі өрттің таралуына жол бермей, оны жедел сөндірді, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
24 маусымда сағат 22.10-да Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кеген ауданындағы Көлсай көлдері орамдарының бірінде алдын ала болжам бойынша ауданы 0,08 гектар орманның төменгі бөлігінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
"Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер орманның төменгі бөлігі бықсып жанып жатқанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, өртке найзағайдың түсуі себеп болған", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге төтенше жағлайлар департаменті, "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, орман шараушылығын, "Жалаңаш" шекара бөлімі, ЖАО өрт сөндіру бекеттері, Кеген ауданының әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, медициналық қызмет, ветеринарлық бөлімнен барлығы 128 адам, 23 техника жұмылдырылды.
Ведомство хабарлағандай, жұмылдырылған күштер мен құралдардың арқасында Көлсай көлдерінде шыққан өрт 0,08 гектар алаңда сағат 07.53-те оқшауланып, сағат 11.45-те жедел түрде сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстары аспалы орман бүріккіштерінің көмегімен және өрт аумағының жиегін топырақпен жабу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жағдайды бақылау үшін орман шаруашылығының 11 қызметкері өрт шыққан аумақта қалды.
Іле-Балқаш резерваты аумағында өрт шықты: қамыс жанып жатыр