АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақытымен сағат 2:51-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.