АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының тыл лагерлеріне соққы жасалғаны туралы ақпарат шындықққа жанаспайды, деп жазылған Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
"Әлеуметтік желіде Е.Пригожиннің атынан тараған "Ресей қорғаныс министрлігінің "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының тыл лагерлеріне соққы жасағаны туралы барлық хабарлама мен бейнежазбалар шындыққа сәйкес келмейді және ақпараттық арандатушылық болып саналады", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресей әскері Украина армиясымен түйісу сызығында жауынгерлік тапсырмаларды орындауды жалғастырып жатыр.
ФСБ қарулы көтеріліс ұйымдастыру фактісі бойынша Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады Ресей Бас прокуратурасы.