Бүлікке кінәлілердің барлығы сөзсіз жазаға тартылады, заң мен халық алдында жауап береді, деп мәлімдеді Путин.
"Әдейі сатқындық жолына түскен, қарулы бүлік дайындап, бүлік жасауға және лаңкестік әдісті қолданғандардың барлығы сөзсіз жазаға тартылады, заң алдында және халқымыздың алдында жауап береді", - деді Ресей президенті.
Оның пікірінше, билік жікке бөлінудің қайталануына жол бермейді және халықты қорғайды.
Путин 1917 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге жасалған соққыны еске алды.
"Біз оның қайталануына жол бермейміз, халқымызды да, мемлекеттігімізді де кез келген қауіп-қатерден қорғаймыз", - деді Ресей президенті.