АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ел азаматтарын Ресейдің Украинамен шектесетін аймақтарына бармауға шақырды.
"Ресейдің Украинамен шектесетін аймақтарында қауіпсіздікке қатер төніп тұруына байланысты аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз", - делінген елшіліктің хабарламасында.
Дипломатиялық ведомство Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарын елшілікте міндетті түрде консулдық есепке тұруға шақырды (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады).
Төтенше жағдай туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.
Қазақстанның Ресейдегіелшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14.