АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Жұптық сайыста Қазақстан ерлер құрамасының лидері Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге Ұлыбританияда өткен "Челленджердің" чемпионы атанды.
Александр мен Гонсало чемпиондық атақ үшін кездесуде америкалық-австралиялық Роберт Гэллоуэй мен Джон Патрик Смит жұбын 2:6, 7:5, 11:9 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.
Недовесов үшін бұл маусымдағы үшінші финал. 18 маусымда Александр мен Эскобар Нидерландыда өткен ATP 250 сериясы турнирінің чемпионы атағы үшін таласса, сәуірде қазақстандық теннисші португалиялық Франсиско Кабралмен бірге шығып, Босния және Герцеговинадағы ATP 250 шешуші матчында жеңіліп қалды.