АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Қазақстанға келеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдің қауіпсіздік мәселелері талқыланатын шараларға қатысады.
"Алматыда қауіпсіздік мәселелері бойынша кезеті ресейлік-қазақстандық консультациялар өтеді", - делінген Ресей қауіпсіздік кеңесінің аппаратының хабарламасында.
Сондай-ақ 23 маусымда Орталық Азия елдері мен Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірінші кездесуі өтеді. Оған қатысушылар қазіргі жағдайдағы аймақ пен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.