Қонаевта құрылыста африкалық заңсыз мигранттар жұмыс істеген

Sputnik
АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция африкалық заңсыз мигранттарды "Мигрант" жедел алдын алу шарасы кезінде анықтаған.
"21 маусымда Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде ғимаратты жөндеп жүрген африкалық азаматтар анықталды. Олардың тоғызы Нигерия, екеуі Камерун елдерінен келген", - дейді полиция.
Заңсыз мигранттардың құжаттарын тексергенде Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталған.
Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.