Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі әйел көз жұмды

Sputnik
АЛМАТЫ. 23 маусым – Sputnik. Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты 22 маусым күні Ақсай-Шоңғжы-Қажат тас жолында болған. 32 жастағы әйел тізгіндеген Lexus автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.
"Жол апатының салдарынан көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған 25 жастағы тағы бір жолаушы Шоңжы ауылының ауруханасына жеткізілген", - деп хабарлады Алматы обылсының полиция департаменті.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша Ұйғыр ауданы полициясы бөлімінде тіркелді.
"Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер жасалып, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті полиция департаменті.
Бес ай ішінде самокаттармен он жол апаты болып, бір адам көз жұмған