АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл факті Ескелді ауданындағы Ақын Сара ауылында болды.
"21 маусымда ВАЗ-2114 автокөлігі аударылды. Оқиға кезінде жарақат алған 24-50 жас аралығындағы 4 ер адам ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ескелді аудандық полиция қызметкерлері көлік апатының мән-жайын анықтауда.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.