ПАВЛОДАР, 22 маусым – Sputnik. Облыс орталығында қала тұрғынын тонап, қоқан-лоқы жасау арқылы несие рәсімдеткен Ақсудың екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар қаласында ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының жедел қызметкерлері ұстаған күдіктілердің жасы – 20-да. Олар қала тұрғынынан 215 мың теңгені ашық түрде ұрлап кеткен. Бұдан әрі қоқан-лоққы жасау арқылы жалпы сомасы 1 млн 640 мың теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Ұсталған кезде күдіктілерден Iphone 11 және iPhone 14 Promax телефондары, ақшалай қаражат тәркіленді.
"Тонау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция депаратменті ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Қазіргі уақытта олардың Павлодар облысының аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.