Денсаулық

Досаев ВИЧ анықталған үш пациенттің екеуі қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды

Алматы әкімі ауруханада анықталған АИТВ жағдайларына қатысты түсініктеме берді
Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаевтан орталық клиникалық ауруханасында АИТВ анықталған үш пациенттің екеуі қайтыс болды деген ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады.
Қала әкімі мұның жалған екенін мәлімдеді.
"Мен сізге айтарым, үш адамның арасында өлім жоқ. Тексеру заң бойынша жасырын түрде жүргізіледі. 2-13 маусым аралығында комиссия құрылды. Мамандар медицина қызметкерлерін, пациенттерді тексеріп, барлық материалды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырды", - деді Досаев.
Оның айтуынша, комиссияның тексерісі аяқталғаннан кейін қала әкімдігі мен денсаулық сақтау министрлігі барлық қажетті шешімді қабылдайды.
"Барлығы өз жұмыс орындарында жауапты болуы керек. Егер аурухана мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары кінәлі деп танылса, онда олар жауап береді. Тиісті шешім қабылдаймыз", - деп сендірді әкім.
Еске салсақ, 14 маусымда Алматыдағы ЖИТС орталығының мамандары айдың басында орталық клиникалық ауруханада емделіп жүрген үш адамның сынамасы ВИЧ-ке оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Сол күні денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастады.
Алматыда науқастар ВИЧ жұқтырды: 600-ге жуық адам тексерілді