Атырау базарында ірі өрт болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Атырау қаласының Абдрахмен көшесінде орналасқан әмбебап дүкен өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 22 маусымда сағат 13:04 шамасында болған.
"Өрт өндіру бөлімдері шақырту орнына жеткен кезде әмбебап дүкеннің төбесі жанып жатқан. Көлемі 800 шашы метр болатын шатыр жанып кетті. Өрт 14:27 сағатта ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды", - дейді ведомство.
Қазіргі күні өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстанда газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды