АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Ақсу ферроқорытпа зауытындағы №4 балқыту цехында пештің трансформаторы өртенді, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруші қолынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Өрт орнында төтенше жағдайлар департаментінің 53 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеді.
Департаменттің мәліметінше, өрт сөндірушілердің батылдығы мен күш-жігерінің арқасында өрт 20:52-де оқшауланып, 22:40-та толығымен жойылды.