АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Алматыда көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған адам полицейлердің қызметтік көлігінде өзіне қол салды.
Алматы қаласы полиция Департаменті, қазіргі уақытта танысының "Тойота" автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылы туған И.есімді азаматтың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм, ішімдікке мас күйінде болған. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.