Өңірлер

Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы жазда ашылады

Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Алматы әуежайы жаңа терминалының құрылысы 2024 жылы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Досаев бұл мәселені өз бақылауында ұстайтынын атап өтті. Жаңа терминалдың құрылысын TAV Airports Holding түрік компаниясы жүзеге асырып жатыр.
Жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр, құрылыс 2024 жылы жазда аяқталуға тиіс.
"Әуежайдың өткізу қабілеті – жылына 2 млн жолаушы. Биыл 8 миллионнан астам адам күтілуде. Алматы хабқа айналуда – жаңа терминал бізге ауадай қажет", - дейді Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жаңа терминалды іске қосу өткізу қабілетін жылына 14 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Алматы әуежайын басып алу ісі: куәгер тергеудегі жауабынан бас тартты