Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысады

Sputnik
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлер форумына қатысады, деп хабарлайды Ақорда.
Форум 30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болмақ.
Сонымен қатар жиында волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.