Қазақстанда 1 шілдеден бастап халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы тоқтайды

Sputnik
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik Қазақстан. 1 шілдеден бастап әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы "Мансап орталығы" деген атаумен жұмыс істейді.
Еңбек мобильдігі орталықтары "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы заңы негізінде жұмыс істейді. "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Күміс жас", "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларын жүзеге асырады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақстанда 207 жұмыспен қамту орталығы бар.
Қоғам
2029 жылға қарай 2,3 млн жас қазақстандық жұмыспен қамтылады