АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Арыс полицейлері танысының атынан кредит алды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды.
Әйел адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 500 мың теңге кредит рәсімдеген. Күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Іздестіру жұмыстары барысында жергілікті тұрғын, алаяқ әйел полицияға жеткізілді.
Жәбірленуші күдіктінің мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмек шығарып беремін деген жалған сөзіне сеніп, алдын ала 50 мың теңге мен құжаттарын бергені анықталды. Ал танысы оның құжаттарын пайдаланып, кредит рәсімдеп алған.
Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр жатыр. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.