Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары мерт болды

Sputnik
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары мерт болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
"21 маусым сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған", - делінген хабарламада.
Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала сол жерде қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.