ТАЛДЫҚОРҒАН, 20 маусым – Sputnik. Талдықорған маңында жол талғамайтын көліктің жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты Талдықорған-Үштөбе айналма жолында болған.
Mitsubishi Pajero КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты
© Photo
"Жол апатынан джиптің 32 жастағы жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 34 жастағы әйел түрлі жарақатымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Mitsubishi Pajero КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты
© Photo
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмауға және жол қозғалысы ережелерінің басқа да талаптарын қатаң сақтауға шақырды.