Сәтбаев қаласының тұрғыны 90 миллион теңгеге заңсыз темекі өнімдерін сатпақ болған

Sputnik
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Сәтпаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол айтарлықтай мөлшерде акцизделетін темекі өнімдерін есепке алу маркасынсыз сақтап өткізген.
Бұл жағдайды агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп анықтады.

"Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ тінту нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеден астам түрлі маркадағы 140 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, көлеңкелі айналымнан шығарылды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге мәліметтер тергу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.
Шекарадан құны 50 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімі шығарылмақ болған