Жерлеу рәсімі кезінде әйел табыт ішінде тіріліп кетті

Sputnik
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Эквадорлық 76 жастағы әйел жерлеу рәсімі кезінде табыт ішінде оянып кетіп, 1 аптадан кейін қайтыс болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ВВС-ге сілтеме жасап.
Оқиға 9 маусымда болған. Белла Монтойяның алғашқы өлімі Эквадордағы ауруханада тіркелді. Оны дәрігерлер жерлеу бюросына жіберіп, табытқа салған.
76 жастағы әйелдің ұлының айтуынша, жерлеу рәсімі кезінде анасы табыттың қақпағын қағып, жиналған елді шошытқан.
Туыстары табытты ашып қарағанда, Белла Монтойяның тыныс ала алмай қиналып жатқанын көрген.
Содан кейін оны өлді деп қате көрсеткен ауруханаға апарған. Болған оқиғадан кейін эквадорлық әйел бір апта ғана өмір сүрген. Осы уақыт ішінде дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысты.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі әйелдің 16 маусымда ишемиялық инсульттан қайтыс болғанын растады.
Аталған ведомство оқиғаға қатысы бар медициналық қызметкерлерді тексеріп жатыр.
Әлем
Сириядағы жер сілкінісі: үш айдаң соң үйінді астынан тірі адам табылды