АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы орман өрті үшін жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Менің ведомствома кіретін кез келген блокқа басшы ретінде жауаптымын. Мен өз жауапкершілігімнен қашпаймын. Тергеумен ынтымақтаса жұмыс істейміз", - деді Сүлейменова үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Орман өртінен болған қайғылы жағдайға байланысты отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа:
"Бас прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Осы тергеу аясында тиісті сұрақтар туындаса, біз жауапқа тартылуға дайынбыз", -деді министр.
Еске салсақ, Абай облысындағы орман өрті 15 адамның өмірін қиды.