АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентпен кездесу барысында Бақытжан Ертаев өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ой-пікірін айтты.
Мемлекет басшысы жуырда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның негізін қалайтын Адал азамат туралы ойларын ортаға салғанын атап өтті. Бұдан бөлек, сын сағатта басын қатерге тігіп, жанқиярлықпен ерлік танытқан, Отанына адал қызмет еткен тұлғаларды жастарға үлгі ету және қарапайым еңбек адамын дәріптеу маңызды екенін айтты.
Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев президентке әскердегі тәрбие ісін нығайту жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Тоқаев ұйымның бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.