АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова әкесінің сотты болғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін желіде экология министрі Зульфия Сүлейменованың әкесінің сотты болғаны туралы қауесет тараған еді.
"Әкеме қатысты іс болғаны рас, соттылығы өтелді. Мен бұл фактіні жасырған емеспін, мемлекеттік қызметке орналасқанда, құжаттарымда көрсеттім", - деді Сүлейменова үкімет кулуарында.
Ол бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша әлі жауап алмағанын айтты.
"Мен енді ғана келдім. Әлі жауап алып үлгерген жоқ. Шақырған соң, бар білгенімді айтамын, тергеумен ынтымақтаса жұмыс істеймін", - деді министр.