Депутаттар су бойынша орталық мемлекеттік орган құруды ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Мәжілістің аграрлық мәселелер комитеті үкіметке су мәселесімен айналысатын дербес орталық мемлекеттік орган құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат, аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша, өңірлерді аралаған кезде фермерлер су тапшылығы, су қатынастарының реттемелгені және су шаруашылық нысандарының тозуы мәселелерін үнемі көтереді. Мұның барлығы экология министрлігінің құзырында.
"Су ресурстарын басқару менеджменті тиімсіз. Экология министрлігі бүкіл саланы өз бетімен жіберді деп есептейміз. Осыған байланысты үкіметке су мәселесімен айналысатын дербес орталық мемлекеттік орган құру мәселесін қайта қарауды ұсынамыз", - деді Егізбаев.
Депутат Егізбаев ауыл шаруашылығы жайлы: статистикада асыра сілтеушілік бар