АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астана қаласында екінші мәрте жүгіруден жартылай марафон өтті.
Жарыс EXPO халықаралық көрмесінен басталып, әлемнің 20-дан астам елінен 6000-ға жуық желаяқ Астананың көрнекті Ботаникалық саябақ, Ұлттық музей, Тәуелсіздік сарайы т.б жерлерін жүгіріп өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Astana Half Marathon
© Photo : Сайт акимата Астаны
Биылғы марафонның басты ерекшелігі – былтырғыдан қарағанда 1 сағат ерте басталды. Сағат 7:00-де 10 шақырым қашықтыққа тіркелгендер сайысты бастаса, 7:25-те жартылай марафоншылар іске кірісті.
"10 шақырымды 58 минутта жүгірдім. Мәреге жетер сәтте күн шақырайып, температураның жоғарылағаны білінді. Келесі жылы 6-да бастаса деген тілегім бар", - деп 57 жастағы Астана тұрғыны Қанат Алманов өз ойымен бөлісті.
Өкінішке қарай, биыл қатысушылардың саны артқанымен, былтырғы рекордтар бұзылмады.
10 шақырым қашықтықта ерлер бәсекесінің жүлдегерлері:
1-орын: Руслан Оглов – 32 минут 27 секунд;
2-орын: Хуан Себастьян Гарсия (Колумбия) – 33 минут 23 секунд;
3-орын: Алмас Рахымбаев – 34 минут 9 секунд.
"АҚШ-тың Калифорния университетінде оқимын.
Колумбиядағы туысым Алматы қаласындағы "ҚазАтомПром"компаниясында істейді. Сол кісілердің арқасында Қазақстанға келіп, желаяқтар жарысына қатыстым. 10 жылдан бері спортпен шұғылданамын. АҚШ-та да жартылай марафон сайыстарына қатысып тұрамын. Сол тәжірибемнің арқасында 10 шақырым қашықтықта күміс жүлдеге ие болдым. Өте қуаныштымын", - деп Колумбия спортшысы Хуан Себастьян Гарсия өзіне риза болғанын жасырмады.
Колумбиядағы туысым Алматы қаласындағы "ҚазАтомПром"компаниясында істейді. Сол кісілердің арқасында Қазақстанға келіп, желаяқтар жарысына қатыстым. 10 жылдан бері спортпен шұғылданамын. АҚШ-та да жартылай марафон сайыстарына қатысып тұрамын. Сол тәжірибемнің арқасында 10 шақырым қашықтықта күміс жүлдеге ие болдым. Өте қуаныштымын", - деп Колумбия спортшысы Хуан Себастьян Гарсия өзіне риза болғанын жасырмады.
21 шақырым қашықтықта ерлер бәсекесінің жүлдегерлері:
1-орын: Михаил Кулков (Ресей) – 1 сағат 7 минут;
2-орын: Илья Тапкин (Қырғыз Республикасы) – 1 сағат 7 минут 47 секунд;
3-орын. Надилбек Уталиев (Өзбекстан) – 1 сағат 8 минут 35 секунд.
21 шақырым қашықтықта әйелдер бәсекесінің жүлдегерлері:
1-орын: Мария Коробицкая (Қырғыз Республикасы) – 1 сағат 15 минут;
2-орын: Светлана Кудилич (Беларусь) – 1 сағат 17 минут;
3-орын: Екатерина Василиченко (Украина) – 1 сағат 22 минут.
Одан бөлек, спортшылар жас ерекшеліктер бойынша марапатталып, ақшалай сыйлық пен естелік медаль алды. Әсіресе ең егде жастағы спортшылардың бәсекесі көрермендер үшін қатты әсер еткені сөзсіз. 21 шақырымда 1 сағат 38 минутпен топ жарған 73 жастағы Талдықорғанның тумасы Биебай Тілемісовтің уақыты ұйымдастырушылардың таңданысын тудырды. Себебі, дәл осы көрсеткішпен атамыз 40-49 жасқа дейінгілер арасында да жүлдеге ілігуші еді.
Іс-шара барысында желаяқтар үшін арнайы концерт өтіп, түрлі конкурстар ойнатылды.